
Кен қоры және пайдалану мерзімі
Геологиялық бағалауға сәйкес, кен орнында шамамен 823,7 млн тонна кен бар. Оның құрамында шамамен 3,5 млн тонна мыс, 63,7 тонна алтын және 865 тонна күміс бар. Ашық тәсілмен игерілетін кеніштің болжамды пайдалану мерзімі 20 жылдан асады.
Кен өңдеу және өнім шығару
Жоба аясында жылына 50 млн тоннаға дейін кен өңдейтін байыту фабрикасы салынады. Кәсіпорынның негізгі өнімдері мыс концентраты мен катодты мыс болады.
Өндіріс көлемі
Жылдық өндіріс концентрат баламасымен шамамен 80–85 мың тонна мыс болады.
Жұмыспен қамту
Кәсіпорын жобалық қуатына шыққанда пайдалану кезеңінде шамамен 1 500 жұмыс орны ашылады.