МЕДИА

2026 жылғы 22 қазан

Эдуард Огайдың жобалары Қазақстанға мыс өндірісін жылына 1 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді

Қазақстандағы мыс өндірісі жылына бір миллион тоннаға жетпек. Бұл ауқымды өсімге «Көксай» мен «Айдарлы» сияқты екі ірі кен орнын игеру басты серпін бермек.

Эдуард Огай «Айдарлы» тау-кен байыту комбинаты құрылысының басталу рәсімінде. Дереккөз: «Aidarly Mining» ЖШС
Эдуард Огай «Айдарлы» тау-кен байыту комбинаты құрылысының басталу рәсімінде. Дереккөз: «Aidarly Mining» ЖШС

Эдуард Огайдың айтуынша, жобаларды іске асыруға салынатын инвестиция көлемі 3–5 жыл ішінде 7 млрд долларға бағаланады, оның шамамен үштен бірін акционерлердің өз қаражаты құрайды.

Эдуард Огай «Айдарлы» тау-кен байыту комбинатының құрылысына арналған естелік капсуланы салу рәсімінде. Дереккөз: «Aidarly Mining» ЖШС
Эдуард Огай «Айдарлы» тау-кен байыту комбинатының құрылысына арналған естелік капсуланы салу рәсімінде. Дереккөз: «Aidarly Mining» ЖШС

Ең ірі нысан — ресурс базасы байытуға жарамды 1,8 млрд тонна кенді құрайтын «Айдарлы» кен орны. Жоба 4,5 млрд долларға бағаланады және оны Эдуард Огайға Koksay Holdings Limited арқылы тиесілі Aidarly Mining компаниясы үйлестіреді. 2026 жылы мұнда жылына 75 млн тонна шикізат өңдеуге есептелген тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды. Кәсіпорынды іске қосу үш мыңға жуық маманды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Эдуард Огай «Айдарлы» тау-кен байыту комбинатының құрылысына арналған естелік капсуланы салу рәсімінде. Дереккөз: «Aidarly Mining» ЖШС
Эдуард Огай «Айдарлы» тау-кен байыту комбинатының құрылысына арналған естелік капсуланы салу рәсімінде. Дереккөз: «Aidarly Mining» ЖШС

Екінші ірі актив — Жетісу облысындағы «Көксай» мыс кен орны. Кен қоры 820 млн тоннадан асады, оның құрамында 3,5 млн тонна мыс бар. Мұнда жылына 50 млн тоннаға дейін кен өңдей алатын байыту фабрикасын салу жоспарланған. Жоба Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген Koksay Holdings Limited компаниясы арқылы Эдуард Огайдың өнеркәсіптік активтерінің құрамына кіреді. Эдуард Огай — компанияның жалғыз акционері.

Эдуард Огайдың атап өтуінше, осындай ауқымды жобаларды іске қосу заңнамалық реформалар мен инвестициялық ахуалдың жақсаруының арқасында мүмкін болды.

2026 жылдың жазында ел үкіметі негізгі өнеркәсіп нысандарына жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсету бағытын бекітті. Олардың қатарына «Көксай» және «Айдарлы» кеніштерінен бөлек, Огаймен байланысты басқа да активтер — Жаңа Жамбыл фосфор зауыты, Курчатовтағы қуаты 700 МВт конденсациялық электр станциясы және Жезқазған ЖЭО-дағы қуаты 75 МВт жаңа бу-газ энергоблогы кірді.

Эдуард Огай «Айдарлы» тау-кен байыту комбинаты құрылысының басталу рәсімінде сөз сөйлеп тұр. Дереккөз: «Aidarly Mining» ЖШС
Эдуард Огай «Айдарлы» тау-кен байыту комбинаты құрылысының басталу рәсімінде сөз сөйлеп тұр. Дереккөз: «Aidarly Mining» ЖШС

Басқа жаңалықтар